Артқа
Артқа

МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 464 мрд теңге төледі

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ жыл басынан бері мемлекеттік тапсырыс бойынша көрсетілген қызметтер үшін 464 млрд теңге төледі. Қаржы кепілдендірілген тегін медициналық көмек пакеті  (ТМККК) шеңберінде бөлінді.   

«2019 жылдың 12 маусымындағы мәліметтер бойынша, Қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 464 млрд теңге төленді. Бұл кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарттардың жалпы сомасының 53,5 проценті», - деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

2019 жылы МСҚ кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 868 млрд теңгенің келісімшартын бекіткен болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 6 процент артық.   

 «Жұмыс кестеге сай жүріп жатыр. Бөлінген қаражат медицина мекемелерінің операциялық шығындарын өтеуге жеткілікті», - деді Ботагөз Жақселекова.

Биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты орындауға 1416 медицина ұйымы атсалысып жатыр. Оның ішінде 708 жеке меншік клиника да бар. Биыл олардың саны 2018 жылмен салыстырғанда 64-ке артқан.   

Мемлекеттік тапсырысты алған жеке меншік клиникалар саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қызылорда және Жамбыл облыстары көш бастап тұр.

Естеріңізге сала кетсек, МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алады.

13.06.2019
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ТОП 10 УНИКАЛЬНЫХ ОПЕРАЦИЙ ПО ОСМС ЗА ДЕКАБРЬ 2024 ГОДА
2024 ЖЫЛДЫҢ ЖЕЛТОҚСАН АЙЫНДА МӘМС АЯСЫНДА ЖАСАЛҒАН ТОП 10 БІРЕГЕЙ ОПЕРАЦИЯ
Қазақстанда кеуде қуысын кеспей клапанды ауыстыру, сымсыз кардиостимулятор имплантациясы, онкологиялық ауруларды емдеу және жарықтарды алу бойынша түрлі күрделі операциялар сәтті жүргізілуде.
13.01.2025
НА 11,7% СНИЗИЛОСЬ ЧИСЛО НЕЗАСТРАХОВАННЫХ СРЕДИ УЧАСТНИКОВ КОНКУРСА «ЛИДЕР ПМСП»
«МСАК КӨШБАСШЫСЫ» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУШЫЛАР АРАСЫНДА САҚТАНДЫРЫЛМАҒАНДАР САНЫ 11,7%-ҒА АЗАЙДЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МСАК көшбасшысы» байқауының қорытындысын жариялады. Оған еліміздің 18 өңірінен 408 медициналық ұйым қатысты.
30.12.2024
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу